Германияның корпоративтік құқығының негізгі қағидаттары, нотариустардың ақшаны жылыстатудың алдын алу контекстіндегі қызметі 2024 жылғы 6 маусымда MNU-да өткен «Корпоративтік құқық саласындағы нотариаттық өкілеттіктер» қазақстан-неміс семинарында негізгі тақырыптарға айналды.
Аталған семинар жұмысына Астана қаласының және Қарағанды облыстарының нотариустары қатысты.
Семинар барысында Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова дәстүрлі түрде тұрақты сипатта болатын Қазақстан мен Германия нотариаттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде оқыту іс-шараларын өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында тыңдалған баяндамалардың үлкен блогы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама шеңберіндегі нотариаттық қызмет мәселелеріне, нотариустың корпоративтік құқықтық қатынастардағы және бизнес иелерінің құқықтарын қорғаудағы рөлінің артуына арналды.
Атап айтқанда, неміс әріптестері Германиядағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгілік шартын жасау тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында Ричард Бок іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.