Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова РНП-ның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау аясында Шымкент қаласының нотариустарымен кездесу өткізді.
Іс-шара жұмысына Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнар Рыспекова, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ляйля Такишева, Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айнұр Исабекова, Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық іздестіру заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Әйгерім Балтабаева қатысты.
Кездесу барысында атқарушылық жазба жасау, АІЖК нормалары, нотариустарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері талқыланды.