2023 жылғы 12 желтоқсанда Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова «Заң шығару процесін жетілдіру» Халықаралық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.
Іс-шараны Әділет министрлігінің Парламентаризм институты мен Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына Әділет министрі Азамат Есқараев, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, «Атамекен» ҰКП Заңнама департаментінің басқарушы директоры Лаура Мерсалимова, MAQSUT Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің директоры Ольга Бектібаева қатысты.
Іс-шара барысында заң шығару жұмысын жоспарлау сапасын арттыру, заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлердегі нормаларды саралау, норма шығарудың рәсімдік аспектілерін оңтайландыру, НҚА жобаларының сапасына қойылатын талаптар, норма шығарушы процеске жасанды интеллект элементтерін енгізу, заң шығару бастамасы субъектілерінің заң жобаларын дайындау үшін бірыңғай рәсімдерді белгілеу, жұртшылық пен нысаналы топтардың норма шығарушы процеске қатысуы мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.