8-9 желтоқсанда Санкт-Петербургте Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Федералды нотариаттық палатаның комиссиясы ұйымдастырған «Нотариат және қазіргі заман» атты жыл сайынғы конференция өтті.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының суррогат ана болу шарттары туралы заңнамасы және нотариаттық практикасы» тақырыбында баяндама жасады.
Бұған дейін 2014 жылы Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Литва, Латвия, Қырғызстан және Қазақстан нотариаттарының өкілдері Астанада өткен Халықаралық ғылыми-практикалық семинар аясында РНП және ФНП ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында суррогат ана болу тақырыбын талқылаған еді.