24 және 27 қарашада Қызылорда мен Таразда Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнара Рыспекованың қатысуымен семинарлар өтті.
Семинарлардың жұмысын нотариаттық палаталардың төрағалары Лаззат Сүйеубаева мен Латипа Сырғабаева құттықтау сөз сөйлеп ашты. Олар осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Семинардың жұмыс бөлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы өзекті өзгерістерге шолу жасаудан басталды. Азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір мәселелері толығырақ қозғалды.
Нотариусты жауапқа тартудың тәртіптік практикасы, сондай-ақ атқарушылық жазба жасау бойынша Әдістемелік ұсынымдардың жекелеген ережелері жеке қаралды.
Семинар аясында сұрақтар мен жауаптар түріндегі интерактив өтті.
Семинар нотариаттық қызметті жүзеге асыру барысында жинақталған тәжірибе мен пікір алмасу алаңына айналды.
Семинар соңында қатысушылар іс-шараға жоғары баға беріп, осындай семинарларды өткізу тәжірибесін жалғастыруды тіледі.