24 қарашада Минскіде өткен «Нотариат – кәсіпті дамыту эволюциясы: дәстүрлерді ұстану, қазіргі заманның жаңа сын-тегеуріндерін қабылдау» атты халықаралық конференцияға Әсел Жанәбілова бастаған Республикалық нотариаттық палатаның делегациясы қатысты.
Нотариустың жұмысында цифрлық технологиялар мен сервистерді қолдану, мәмілелерді қашықтан жасау, электрондық ведомствоаралық өзара іс-әрекеттерді дамыту, сондай-ақ басқа да бірқатар өзекті тақырыптар конференция бағдарламасына кірді.
Конференцияда Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан нотариаттарының өкілдері баяндама жасады.
Конференция жұмысына сондай-ақ Беларусь Республикасының Әділет министрі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Жоғарғы Сот Төрағасы, Ұлттық жиналыс өкілдер палатасы төрағасының орынбасары, Конституциялық сотының судьясы қатысты.