Ағымдағы жылдың 11 қазанында Самарқанд қаласында Өзбекстан Нотариаттық палатасы ұйымдастырған «Цифрландыру дәуіріндегі нотариаттың рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Оның жұмысына 33 елден келген нотариат өкілдері қатысты.
Астана қаласы және БҚО, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Абай облыстарының нотариустары Қазақстаннан келген делегация құрамында халықаралық конференция жұмысына қатысты. Делегацияны Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова басқарды.
Іс-шара барысында қатысушылар нотариаттық қызметті цифрландыру мәселелерін, атап айтқанда оның осы саладағы мүмкіндіктері мен тәжірибесі туралы Жапония, Германия, Әзірбайжан, Беларусь, Франция, Ресей, Литва, Венгрия, Өзбекстан және Қазақстан нотариаттарының өкілдері сөз сөйледі.
Әсел Жанәбілова өз баяндамасы аясында Қазақстандағы нотариат институтына цифрлық технологиялар құралдары қалай белсенді енгізіліп жатқаны және нотариустардың мүмкіндіктері мен құзыреттерін кеңейткен заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтып берді.
Бұған дейін, 2023 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикалық нотариаттық палатасының Төрайымы Халықаралық нотариат одағының (UINL) Халықаралық нотариаттық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының (CCNI) кезекті отырысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған презентациямен сөз сөйледі.