2023 жылғы 05 қазанда Анкарада Түркі әлемі елдерінің нотариустар одағын құру туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қою рәсіміне Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан Әділет министрлері мен Қырғыз Республикасы Әділет Министрінің орынбасары қатысты.
Меморандумға қол қою ресми рәсіміне дейін түркі мемлекеттерінің министрлері арасында екіжақты кездесулер өтті, оның барысында тараптар Түркі әлемі елдері арасындағы екіжақты ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қатысушы елдер делегациясы басшыларының бірлескен өтініші қабылданып, Меморандумға қол қойылды.
Рәсім соңында Әзербайжан Әділет министрі – Фикрет Мамедов, Қазақстан Әділет министрі – Азамат Есқараев, Түркия Әділет министрі – Йылмаз Тунч, Өзбекстан Әділет министрі – Акбар Ташқұлов және Қырғыз Республикасы Әділет Министрінің орынбасары – Орозбек Сыдықов тиісті мәлімдемелер жасады.
Азамат Есқараев қол қойылған құжат әртүрлі бағыттар бойынша табысты дамып келе жатқан меморандумға қатысушы елдер арасындағы өзара іс-қимыл динамикасын күшейтетініне, сондай-ақ елдеріміздің азаматтары мен ұйымдарының әл-ауқаты мен мүдделеріне қызмет ететініне және құқықтық институттарда өзара іс-қимылдың жаңа жолдарын ашатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде меморандумға қатысушы елдердің нотариаттық палаталарының төрағалары Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия нотариаттары арасындағы белсенді ынтымақтастыққа назар аударып, жаңа форматтағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.
Әсел Жанәбілова қол қойылған Меморандум өткен жылдар ішінде жинақталған сенімгерлік қатынастардың әлеуетін одан әрі дамыту үшін маңызды серпін болатынын атап өтіп, іс-шараға қатысушыларды өзінің шынайы ниетімен, сондай-ақ нотариаттық саладағы барлық бағыттар бойынша өзара тәжірибе алмасуға дайын екендігін хабарлады.