Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова мен Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжұлова іскерлік кездесу өткіді. Оның барысында нотариаттың ағымдағы мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында Әсел Жанәбілова ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселесін көтерді, сондай-ақ білікті заң көмегін көрсету, азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық білім беру, мемлекеттік органдармен және мекемелермен кәсіби өзара іс-қимыл саласындағы нотариатты дамытудың басым бағыттарын атап өтті.
Өз кезегінде Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжұлова халыққа құқықтық білім беру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету саласында Қостанай облысының нотариустарын тарта отырып, Нотариаттық палатамен бірлесіп өткізген іс-шаралар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, тараптар Қостанай облысы нотариаттық палатасының Тәртіптік комиссиясының қызметін және азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариаттық қызметке байланысты мәселелер бойынша өтініштерін қарау тәртібін талқылады.