Кездесуге қатысушылар цифрлық нотариатты енгізу мәселелерін талқылады, онлайн сенімхаттарды куәландыру кезінде нотариустарда туындайтын мәселелерге ерекше назар аударылды.
Іс-шараның нәтижелері бойынша Министрлік нотариаттық қоғамдастық айтқан мәселелерді назарға алды, олар цифрлық нотариатты одан әрі дамыту кезінде қаралатын болады.
Дереккөз: ҚР Әділет министрлігі