Бүгін, 2023 жылғы 07 сәуірде азаматтарды қабылдау өтті.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанабилова мен атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова проблемалық үлескерлер жөніндегі қоғамдық бірлестік пен құрылысты өз бетінше аяқтау үшін ұйымдастырылған тұрғын үй-құрылыс кооперативінің өкілдерін қабылдады.
Әңгімелесу барысында елордалық нотариустар проблемалық объект бойынша заңсыз ресімделген талап ету құқығын беру шартының, сондай-ақ сот дауының болуы туралы белгілі болды.
Білікті заң көмегіне жүгінген ҚБ және ТҚК өкілдеріне жан-жақты кеңес берілді, сондай-ақ туындаған мәселелерді одан әрі талқылау үшін Астана қаласының нотариаттық палатасына жіберілді.
Проблемалық объектілермен шарттар жасасуға жол бермеу және даулардың алдын алу мақсатында Астана қаласының нотариаттық палатасына барлық нотариустарға Астананың проблемалық объектілерінің тізімін қайта жіберу тапсырылды.