30 наурызда Республикалық нотариаттық палатаның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында РНП Төрайымы мен атқарушы директоры Алматы облысының нотариустарымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасында нотариатты дамытудың 2022 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасының негізгі ережелерін, түйінді проблемаларды шешу жөніндегі шараларды, сондай-ақ атқарушы жазба, медиативтік келісім жасау мәселелерін, электрондық репозиторий және т. б. сұрақтарды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Республикалық нотариаттық палатаға өткізіліп жатқан іс-шараға жан-жақты көзқарасы үшін алғыс білдірді. Нотариустар қысқа уақыт ішінде пайдалы ақпараттың үлкен көлемін игеруге мүмкіндік беретін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.