29 наурызда Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Жетісу облысының нотариустарымен кездесу өткізді.
Іс-шараның басты тақырыбы – нотариаттық қызметтің өзекті мәселелері.
Кездесу Талдықорған қаласында семинар форматында өтті.
Іс-шараға Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жандос Бексұлтан, сондай-ақ Талдықорған қалалық сотының судьялары қатысты. Кездесуге облыстың нотариаттық палатасынан палата төрағасы Арман Бекішбаев қатысты.
Семинар барысында Әсел Жанәбілова мен Гүлнар Рыспекова Азаматтық, Жер кодекстерінің, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның нормаларын, Гаага, Минск және Кишинев конвенцияларының ережелерін түсіндірді.
Семинар аяқталғаннан кейін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, оның барысында азаматтар өз мәселелерін айтып, мұрагерлік құқыққа қатысты сұрақтар қойды.
Атап айтқанда, Төрайым мұраны қабылдаудың тәсілдері мен мерзімдері, нақты мұраға кіру деген не, сондай-ақ өсиетке қарамастан мұраға кімнің құқығы бар екендігі туралы түсіндіріп берді.
РНП Төрайымының келесі кездесуі Алматы қаласында Алматы облысының нотариустарымен өтеді.