17 наурызда Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Ресей Федералдық нотариаттық палатасы М.В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультетімен бірлесіп ұйымдастырған «Ресей нотариаты: мемлекет пен қоғамға қызметте 30 жыл» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында баяндамамен сөз сөйледі.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің нотариаттары мен Ресей Федерациясының ғылыми қоғамдастығы өкілдерінің 20-дан астам баяндамалары конференцияның бағдарламасына кірді. Армения, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының спикерлері өздерінің жетістіктері мен нотариатты дамытудың басым міндеттері туралы айтап өтті.
Өз сөзінде РНП Төрайымы Қазақстан нотариатының қалыптасу тарихындағы аса маңызды оқиғаларға тоқталды, сондай-ақ жақын арада нотариаттың дамуының басым бағыттарын белгіледі.
Төраға өз сөзінде атап өткендей, Қазақстанның қазіргі нотариаты тиімді құқықтық іске асыру институты болып табылады, ол арқылы азаматтық құқықтық қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтары қорғалады.
Бірінші кезекте Әсел Жанәбілова соңғы жылдардағы реформалар Қазақстандағы нотариустардың өкілеттігін едәуір кеңейткенін атап өтті. Осы маңызды институтты нығайтуға және одан әрі дамытуға, әрине, бүкіл қоғам мүдделі, деп айтылды, өйткені нотариат әділет органдарымен бірлесіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықтық тәртіпті нығайтуға қызмет етуге арналған. Күн тәртібінде жаңа перспективалық міндеттер тұр, оларды іске асыру азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін одан әрі қорғауға мүмкіндік береді, деп те ескерілді.
Төрайымның айтуынша, «аттестаттау реинжинирингін» көздейтін заң жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Ең алдымен, аумақтық әділет органдарында комиссиялық әңгімелесуден бетпе-бет өтуді болдырмау жоспарланып отыр, оның орнына компьютерлік тестілеуден және ахуалдық кейстерден өту жоспарланып отыр. Бұл аттестаттау рәсімінің ашықтығын арттырады, адами факторды жояды. Пилоттық жобаны іске қосу 2023 жылдың 1 жартыжылдығында жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Төрайым 2022 жылы пилоттық режимде онлайн сенімхат беру процесі басталғанын хабарлады. Пилоттық жобаға үш облыс қатысты: СҚО, БҚО және Павлодар облыстары. Осы жоба шеңберінде бейнеконференцбайланыс жасау үшін «ХҚКОвидео» АЖ-мен, сенімхаттың электрондық бейнесін «цифрлық құжаттар» сервисіне беру үшін «Egovmobile» АЖ-мен интеграциялық өзара іс-қимылдар жүргізілді. Digital-ID биометриялық валидация сервисін және QR қол қою жүйесін пайдалана отырып пысықтау жұмыстары жоспарлануда. Тестілеу аяқталғаннан кейін жоба бүкіл республика бойынша іске қосылады деп хабарлады.