2023 жылғы 16 наурызда Беларусь нотариаттық палатасы ұйымдастырған автокөлікті сатып алу-сату мәмілелерін куәландыру тәжірибесіне арналған вебинар өтті.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер: Армения, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикасы нотариаттарының өкілдері талқыланатын тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ автомобильдерді иеліктен шығару шарттарын куәландыру саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтып берді.
Вебинар барысында Республикалық нотариаттық палатаның атынан Астана қаласының нотариусы Олег Полумордвинов презентация жасап, автокөлік нарығының қалай дамығаны туралы айтып, автокөлікті пайдалану мен ресімдеудің 4 кезеңін атап өтті.
Ол сондай-ақ, «Қазақстанда 2022 жылдың қорытындысы бойынша 123 778 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобильдер сатылды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,3% - ға жоғары», - деп, сандарды келтірді. Олег Полумордвинов 2022 жылы автокөлікпен нотариалды куәландырылған мәмілелер саны 2021 жылмен салыстырғанда екі есеге өскенін атап өтті (2022 жылы – 11 255, 2021 жылы – 6 459).
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш өседі. Себебі, «әлемдегі саяси жағдайға байланысты, біздің көршілеріміз санкцияларға ұшырап, жаңа автокөліктерге қол жеткізе алмай жүргендіктен, көрші нарықтарға жүгінуге мәжбүр.
Сондай-ақ, Спикер цифрлық нотариатты дамыту шеңберінде нотариустар мен автокөлік иелерін қандай заңнамалық өзгерістер күтіп тұрғанын, БНАЖ мүмкіндіктері туралы да айтып берді.