8 наурызда Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова ХНО жұмыс тобының онлайн отырысына қатысты, оның барысында әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.
Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзбен ХНО-ның бұрынғы президенті, «Гендерлік теңдік» жұмыс тобының басшысы, Буэнос-Айрес нотариусы, профессор Кристина Наоми Армелла сөйледі.
Мадрид нотариусы, төреші және медиатор, Signum қорының вице-президенті Консепсион Пилар Баррио Дель Ольмо «Әйелдер кәсіпкерлігіне арналған нотариаттық құралдар» тақырыбында баяндама жасады.
Әйелдерге қатысты экономикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы халықаралық кеңесші, Коста-Рика мен Испанияның қылмыстық істер жөніндегі адвокаты, халықаралық құқықтық ынтымақтастық және әділет саласындағы жобаларды үйлестіру жөніндегі сарапшы Андреа Мурильо Фаллас сөз сөйледі.
Тұрғын үй мен жерге қол жеткізу мәселелері туралы Дакар нотариусы, ХНО бас кеңесшісі Фату Мбалло Тиам айтты.
Өз кезегінде Аргентинаның нотариусы және профессоры Карина Ванесса Салиерно әлемдегі алғашқы әйел нотариустар туралы айтты. Осы тақырып бойынша Мароккодағы алғашқы әйел нотариус Ратиба Секкат та баяндама жасады.
Форумды ХНО Президенті Лионель Галлиез қорытындылады.