31 қаңтарда Республикалық нотариаттық палатада РНП-ның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау шеңберінде тегін білікті заң консультациясын көрсету бойынша акция өтті. Республикалық нотариаттық палата өткізген акцияға РНП төрайымы Әсел Жанабилова, заңгері Людмила Кутенко, Астана қаласының нотариусы Олег Полумордвинов қатысты.
Республикалық нотариаттық палата азаматтарға мұрагерлік құқықтарды ресімдеу тәртібіне, ерлі-зайыптылардың ортақ (бірлескен) меншігіне, жылжымайтын мүлікті және өзге де мүлікті сатып алу-сатуға, атқарушылық жазбаның көмегімен берешектерді өндіріп алуға, сондай-ақ нотариустардың құзыретіне жататын өзге де мәселелерге қатысты күрделі өмірлік жағдайларды шешуге көмектесті.
Біздің мамандардың тегін білікті көмегін Астана қаласы, Сарайшық көшесі 38, 5-офис мекенжайындағы РНП кеңсесіне келіп, кез келген мүдделі адам ала алады.
Жалпы алғанда, осы күні РНП-ға 7 азамат құқықтық көмек алу үшін келді.
Тегін заңгерлік кеңес беру бойынша РНП акциясын айына 1 рет өткізу жоспарлануда. Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз.
РНП сайтындағы жаңалықтарды аңдып жүріңіздер.