Акция 2023 жылғы 31 қаңтарда сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласы, Сарайшық көшесі 38, 5-офис мекенжайы бойынша өтеді.
Аталмыш шара РНП-ның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау шеңберінде Республикалық нотариаттық палатаның ұйымдастыруымен өткізілмек.
Акцияға Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы, атқарушы директоры және заңгері қатысады.
Іс - шара шеңберінде елорда азаматтары мен қонақтары мынадай мәселелер бойынша тегін заң көмегін ала алады: - мұрагерлік құқықтарды ресімдеу; -жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау (сыйға тарту, сатып алу - сату және т.б.); - атқарушылық жазба; - басқа да мәмілелерді куәландыру (неке шарты, мүлікті бөлу туралы келісім және т. б.).