Бүгін, 2023 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласында Республикалық нотариаттық палата Басқармасының жылдық есептік отырысы өтті, оның барысында Басқарма мүшелері 2023 жылға арналған жоспарларды талқылап, нотариатты дамытудың өзекті мәселелері бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
Әсел Жанәбілова Республикалық нотариаттық палатаның 2022 жылғы жұмысы туралы ақпаратпен сөз сөйледі. Қол жеткізілген нәтижелерге және РНП-ның нотариатты дамытуға бағытталған заң жобалау қызметі туралы егжей-тегжейлі тоқталды.
Отырыс барысында аумақтық нотариаттық палаталардың төрағаларына 2022 жылғы нотариустарды тәртіптік жауапкершілікке тарту практикасын жалпылау нәтижелері ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша: Республикалық нотариаттық палатаның 2022 жылғы жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп; Республикалық нотариаттық палатаның 2022 жылғы Қаржы-шаруашылық қызметінің кірістері мен шығыстарының сметасының орындалуы туралы есеп; Республикалық нотариаттық палатаның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары; Республикалық нотариаттық палатаның 2023 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің кірістері мен шығыстарының сметасы тыңдалып, бекітілді.