Аумақтық нотариаттық палата мүшелерінің есептік-сайлау жалпы жиналыстарының қорытындысы бойынша:
- Айкешева Әйгерім Мұратқызы (Астана қ. АНП);
- Ақылтаева Сәуле Қуантайқызы (Алматы облысы АНП);
- Жүнісбекова Гүлнар Тұрарбекқызы (Шымкент қаласының АНП);
- Елегенова Найля Губашевна (Батыс Қазақстан облысының АНП);
- Жапарова Сәуле Рашитқызы (Павлодар облысының АНП);
- Исахов Райымқұл Шаймерденұлы (Түркістан облысының АНП);
- Қалабаева Қарагөз (Алматы қаласының АНП);
- Қорғанбеков Ғайдарәлі Сансызбайұлы (Ақтөбе облысының АНП);
- Кубитаева Гүлжан Мұратқызы (Ақмола облысының АНП);
- Масатова Гүлнар Жұмағұлқызы (Атырау облысының АНП);
- Оспанова Гүлмира Мұратбекқызы (Солтүстік Қазақстан облысының АНП).
- Сүйеубаева Лаззат Сахитжанқызы (Қызылорда облысының АНП);
- Сырғабаева Латипа Қонысбекқызы (Жамбыл облысының АНП);
- Тоқтарова Жанар Төкенқызы (Қарағанды облысының АНП);
- Төребаева Рахат Әлімқызы (Маңғыстау облысының АНП) төрағалар болып сайланды.
Шығыс Қазақстан облысының нотариаттық палатасының төрайымы болып Жанна Советовна Бидельманова сайланды.
2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес Абай, Жетісу, Ұлытау атты жаңа облыстар, сондай-ақ жаңа аумақтық нотариаттық палаталар құрылды. АНП жаңадан құрылған жалпы жиналыстардың қорытындысы бойынша:
- Халелова Кабиряш Сұлтанқызы (Абай облысының АНП);
- Бекішбаев Арман Сейітжапарұлы (Жетісу облысының АНП);
- Шубаева Мейрамкүл Кенбайқызы (Ұлытау облысының АНП) төрағалар болып сайланды.
Қостанай облысы нотариаттық палатасының төрағасы болып 2021 жылы Азамат Меңдібекұлы Баекин сайланды.