РНП Төрайымы Әсел Жанәбілова мен РНП Тәртіптік комиссиясының төрағасы Олег Полумордвинов 2022 жылғы 9-10 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен халықаралық конференция жұмысына қатысты.
Ресей, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Әзірбайжан, Испания нотариаттарының өкілдері нотариаттың ағымдағы мәселелерін, цифрлық технологияларды дамыту жағдайындағы қызметтің басым бағыттарын талқылады.
Әсел Жанәбілова мен Олег Полумордвинов конференция барысында Қазақстан нотариаты туралы заңнамадағы жаңа өзгерістер мен нотариаттық қызметтегі цифрлық құралдар саласындағы соңғы жаңалықтар туралы айтып берді.