1-3 желтоқсанда Мексиканың Канкун қаласында XXX Халықаралық нотариустар конгресі өтті. Конгресстің 2022 жылғы негізгі лейтмотиві «Пандемия кезінде және пандемиядан кейінгі кезеңде нотариус қызметін атқару» тақырыбы болды.
Отырысқа Қазақстанды қоса алғанда, 91 елден келген нотариат өкілдері қатысты. Отырысқа қатысушылар бірқатар маңызды мәселелерді, соның ішінде нотариаттың ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестегі рөлін талқылады.
Талқылаудың басты мәселелерінің бірі Дүниежүзілік нотариат университетінің (WNU) ғылыми жұмыс жөніндегі директоры Тьерри Вашон ұсынған «Ертеңгі миссиялардың жаңа тұжырымдамасы» болды.
Отырыс барысында Италия, Германия нотариат өкілдері цифрлық, қашықтықтан әзірлемелер саласындағы жетістіктерімен бөлісті.
Конгресс соңында келесі Халықаралық нотариустар конгресін 2025 жылдың күзінде өткізу туралы шешім қабылданды.
30 қарашада ХНО мүшелерінің Бас Ассамблеясының отырысы барысында ХНО басшылық құрамы, басқару комитеттерінің, құрлықтық және құрлықаралық комиссиялардың, жұмыс топтарының төрағалары 2023-2025 жылдарға арналған легислатураға бекітілді.
ХНО Президенті Лионель ГАЛЛИЕС болды.