Бүгін басқарма мүшелерінің отырысы барысында РНП-ның XVI кезекті есептік-сайлау Съезін өткізу мәселелері бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау 2022 жылғы 7 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, онда әрбір ТНП-дан бес делегат өкілдік етеді. Съездің күн тәртібіне Республикалық нотариаттық палата басқармасының қызметі туралы; Республикалық нотариаттық палатаның Тексеру комиссиясының 2020 жылғы 01 қазаннан 2022 жылғы 01 қарашаға дейінгі кезеңдегі Республикалық нотариаттық палатаның қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі жайлы есептерді бекіту туралы сұрақтар кірді. Сондай-ақ делегаттар Қазақстан Республикасы нотариатының 2022-2028 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын бекітуі тиіс, оның жобасы РНП Басқарма мүшелерімен отырыс барысында бекітілді және нотариаттық қоғамдастықтың талқылауына РНП сайтында жарияланды.
Басқарма Сайлауды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізді, сондай-ақ оның мүшелерін сайлады.
Қазақстан нотариустарының IV спартакиадасын өткізу және нотариаттың 25 жылдығын мерекелеу бойынша қаржылық есептер тыңдалды және бекітілді.
Сондай-ақ, Басқарма Қазақстандық заңгерлер Одағының құрамынан шығуға дауыс берді.
Әсел Жанәбілова отырыс барысында әріптестерін заң жобалау жұмыстарының барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ РНП Прокуратура туралы заң жобасын талқылау шеңберінде нотариаттық қоғамдастықтың мүдделерін қорғауға қол жеткізгенін хабарлады.
Мүгедек нотариустарды РНП-ға мүшелік жарналарды төлеуден 50% босату ұсынылды. Басқарма мүшелері бұл мәселені зерделеуді және ол бойынша шешімді басқарманың келесі отырысында қабылдауды шешті.
РНП Басқарма мүшелерімен РНП есептік-сайлау Съезінің өтетін күні бекітілді
- Подробности
- Просмотров: 1284