Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының нотариаттық палаталары «Нотариат туралы» Заңның қабылдануына 25 жыл толуына орай бірлескен салтанатты іс-шара өткізді.
Мерекеге 170-ке жуық нотариус қатысты. Аса қадірлі қонақтары қатарында Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова, Алматы облысы нотариаттық палатасының төрайымы Сәуле Ақылтаева, ШҚО Әділет департаменті бастығының орынбасары Бейсембек Әл-Сейіт болды. Шақырылған қонақтар барлық қатысушыларды айтулы күнмен құттықтады.
Салтанатты шара барысында нотариустарға Республикалық нотариаттық палата, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, ШҚО мәслихаты мен Әділет департаментінің, сондай-ақ Шығыс қазақстан облысы мен Абай облысының нотариаттық палаталарының наградалары табысталды.
Іс-шара концерттік бағдарламамен және мерекелік кешкі аспен жалғасты.