23 ақпанда РНП – ға жұмыс сапарымен Әділет министрі Қанат Мусин, вице-министр Азамат Әмірғалиев, Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленчиев, заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Азат Рахметов келді.
Сапар аясында Әділет министрі РНП төрайымымен жұмыс кездесуін өткізді.
Атап айтқанда, осы жылдың 11 ақпанында өткен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында қозғалған мәселелер, сондай-ақ цифрландыру жағдайындағы нотариат туралы заңнаманың соңғы өзгерістерін іс жүзінде іске асырудың алғашқы қорытындылары талқыланды.
Әсел Жанәбілова ведомствоаралық комиссиямен, қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимыл жұмысының нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ білікті заң көмегін көрсету, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, халықаралық ұйымдармен кәсіби өзара іс-қимыл саласындағы нотариатты дамытудың басым бағыттарын көрсетті.
Кездесуде нотариат институтының одан арғы тағдырын анықтау үшін және БНАЖ мәселелері бойынша шараларды қабылдау қажеттігі туралы РНП Басқармасы мен төрайымының атына жолданған нотариустардың үндеуі кеңінен талқыланды. РНП төрайымы Басқарма мүшелерінің нотариустармен бірге өткізген онлайн-кездесуі туралы баяндады, онда нотариустар қатарынан тұратын бастамашыл топ құру туралы шешім қабылданды, оларға «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына тұжырымдама жобасын әзірлеу, оны қоғамдастық ішінде талқылау және Әділет министрлігінің қарауына ұсыну тапсырылды деп хабарлады.
Тараптар сондай-ақ «Цифрлық нотариат» жобасының іске асырылу барысын талқылады.
Нотариат тұтастай алғанда Қазақстанның цифрлық кеңістігінде орны толмас жағдайға жетті, ал бұл нотариустың өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкін және солай болуы тиіс дегенді білдіреді, – деп атап өтті РНП төрайымы – және біз биылғы жылдың өзінде нотариустардың өкілеттіктері мен қызметін егжей-тегжейлі реттейтін жаңа заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізіледі деп үміттенеміз.
Нотариустардың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалануы туралы айта отырып, Әсел Жанәбілова қағаз мұрағатынан бас тарту туралы перспективалы міндетті белгіледі.
Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстанның Республикалық нотариаттық палата атынан Халықаралық нотариат одағының құрамына кіруіне назар аударылды. 2021 жылғы 3 желтоқсанда ХНО мүше нотариаттар Ассамблеясы қашықтықтан өткізілген отырыста Қазақстан нотариатын Халықаралық нотариат одағының 90-шы мүшесі ретінде қабылдауы мақұлданды.
Өз кезегінде министр РНП бастамаларына қолдау білдірді және нотариаттық қоғамдастықта бар мәселелерді егжей-тегжейлі қарауға дайын екенін білдірді.