ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сарапшылары нотариаттық қызмет саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы туралы ереженің жобасын қарады.
Құжатты белгіленген тәртіппен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы істер министрлері кеңесінің қарауына енгізу жоспарлануда.
Өткен жылғы желтоқсанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әділет министрлері кеңесінің 15-ші отырысында нотариаттық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша құқықтық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, нотариаттық қызметтер көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының (ұйымдарының) құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және нотариаттық қызметтер көрсету саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер нотариаттық органдарының, ұйымдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру, нотариустардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында, нотариаттық қызмет саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымын құру туралы шешім қабылданды.
2022 жылғы 16 ақпанда бейнеконференцбайланыс режимінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің нотариаттық қызмет саласындағы базалық ұйымы туралы ереженің жобасы бойынша сарапшылар тобының отырысы өтті, онда отырысқа қатысушылар Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Ресей Федерациясынан келіп түскен ұсыныстарды қарады.
Аталған отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасынан Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова және Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Азат Рахметов қатысты.