21 қазанда Республикалық нотариаттық палатаның YouTube арнасында РНП төрағасы Олег Полумордвиновтың Қазақстанның нотариаттық қоғамдастығымен онлайн-кездесуі өтті. Оған 1300-ден астам нотариус қатысты.
Төраға нотариустардың кәсіби мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыс, заңнамадағы өзгерістер және Жоғарғы Сотпен өзара іс-қимыл туралы айтты. Нотариаттық тариф пен әлеуметтік жеңілдіктер мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сөзінің елеулі бөлігі Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге қатысты болды. Атап айтқанда, қолданыстағы жүйенің жай-күйіне, оны жаңғырту жұмыстарына және басқару моделінің өзгеруіне арналды. Олег Полумордвинов жаңа жүйеге көшу кезінде деректердің сақталуын және нотариустар жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ РНП-ның қаржылық моделі және аумақтық нотариаттық палаталардың РНП-ға төлейтін ай сайынғы мүшелік жарнасын бір нотариусқа шаққанда 6 000 теңгеден бір айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету туралы ұсыныс жасалды. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді қабылдау Съездің құзыретіне жатады.
Кәсіби өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту туралы айта отырып, төраға нотариустарды құқықтық қорғау, сараптамалық және әдістемелік көмек көрсету, сапалы оқыту, тәлімгерлік және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын пысықтау бағыттарын басымдық ретінде белгіледі. Ол кәсіби әдеп, әділ тәртіптік рәсімдер және РНП жұмысының ашықтығы мәселелеріне де тоқталды.
Көтерілген тақырыптарды талқылау РНП төрағасының өңірлердегі нотариустармен көшпелі кездесулері барысында жалғасады. Бұл кездесулерді ұйымдастыру кезінде тікелей эфир барысында және РНП-ның электрондық поштасына келіп түскен сұрақтар ескеріледі.
21.10.2026
РНП төрағасының республика нотариустарымен кездесуі өтті
РНП
