Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының судьялар корпусын және сот жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекесі Судья және сот қызметкері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Судьялар мен сот қызметкерлеріне заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әділдік пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту жолында үлкен жауапкершілік жүктелген.
Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, әділдіктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында қоғамның сот билігіне деген сенімі артып, құқық қолдану тәжірибесі жетіліп, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын тиімді қорғау қамтамасыз етілуде.
Нотариат пен сот жүйесінің ортақ мақсаты Заңға қызмет ету, адам құқықтарын қорғау және құқықтық мемлекетті нығайту іспеттес маңызды міндет біріктіреді. Біз заңдылық пен құқықтық айқындықты қамтамасыз ету жолында қалыптасқан өзара іс-қимылды және сындарлы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз.
Осы мерекелі күні барлық судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, жаңа кәсіби жетістіктер, сарқылмас күш-қуат пен жауапты әрі маңызды қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Олег Полумордвинов
