2026 жылғы 29-31 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысының нотариаттық палатасы Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылында Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының нотариаттық палаталарының командалары қатысқан жолдастық матч ұйымдастырды.
Іс-шараның ашылуында қатысушыларға Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Полумордвинов пен Солтүстік Қазақстан облысы нотариаттық палатасының төрағасы Гүлмира Оспанова құттықтау сөз сөйледі.
Олег Полумордвинов өз сөзінде мұндай кездесулер нотариаттық қауымдастықтың кәсіби бірлігін нығайтуға, әріптестік қарым-қатынасты дамытуға және командалық рухты арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, жылы әрі достық атмосфера қалыптастырғаны үшін Солтүстік Қазақстан облысы нотариаттық палатасына ерекше алғысын білдірді.
Үш күн бойы қатысушылар волейбол, үстел теннисі, «Көңілді старттар» эстафетасы және әскери-спорттық «Зарница» ойыны бойынша бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Волейбол
І орын – Қарағанды облысының командасы;
ІІ орын – Солтүстік Қазақстан облысының командасы;
ІІІ орын – Ақмола облысының командасы.
«Көңілді старттар»
І орын – Ақмола облысының командасы;
ІІ орын – Қарағанды облысының командасы;
ІІІ орын – Солтүстік Қазақстан облысының командасы.
«Зарница» байқауы
Жеңімпаз – Ақмола облысының командасы.
Үстел теннисі (ерлер)
І орын – Е. Калиев (Солтүстік Қазақстан облысы);
ІІ орын – А. Шуптенов (Қостанай облысы);
ІІІ орын – Д. Димбаев (Қарағанды облысы).
Үстел теннисі (әйелдер)
І орын – Г. Цой (Ақмола облысы);
ІІ орын – Н. Максименко (Қарағанды облысы);
ІІІ орын – Д. Досанова (Солтүстік Қазақстан облысы).
Жолдастық матч спорттық бәсекелестік алаңы ғана емес, сонымен қатар еліміздің әр өңірінен келген нотариустар арасындағы кәсіби және достық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. Осындай кездесулер нотариаттық қауымдастықтың корпоративтік мәдениетін дамытуға, өзара құрмет, қолдау және ынтымақтастық рухын күшейтуге ықпал етеді.
