02-05 қыркүйек 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен атты 36 академиялық сағат көлемінде республика нотариустарына «Нотариаттық қызметтегі теория мен тәжірибенің ара қатынасының өзекті мәселелері» атты біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
06 қыркүйек 2019 жыл – Нұр-Сұлтан қаласында заң ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербургтік мемлекеттік университеттің халықаралық құқық кафедрасының доценті, халықаралық мұрагерлік құқық бойынша жетекші маманы Карандашов Иннокентий Игоревичтің қатысуымен «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы трансшекаралық мұрагерлікті реттеу мәселелері» атты семинар өтті.
07 қыркүйек 2019 жыл – Нұр-Сұлтан қаласында заң ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербургтік мемлекеттік университеттің заң факультеті нотариат кафедрасының доценті Рассказова Наталия Юрьевнаның қатысуымен «Нотариаттық тәжірибедегі мұралық құқықтың мәселелері» атты семинар өтті.
17 қыркүйек 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен ҚАЗҒЗУ Университетінің ғимаратында құқық магистрі, Мартин Лютер атындағы халықаралық экономикалық құқық пен салыстырмалы құқықтану Халле-Виттенбергск Университетінің қауымдастырылған профессоры Азер Алиевтің қатысуымен «Шетел элементі бар мәмілелерге нотариустардың қатысуы, халықаралық жеке құқық сұрақтары» атты семинар ұйымдастырылды.
17 қыркүйек 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.
27 қыркүйек 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Халықаралық заңгерлер одағының VII съез жұмысына қатысты.
30 қыркүйек 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова заң ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Диденконың 75-жылдық мерейтойына арналған «Еуропалық шарттық кұқықтың ережелерін енгізу жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
30 қыркүйек 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры мен IT маманы Гүлнара Рыспекова мен Елдос Сабырбеков, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының нотариусы Санжар Кенжегали «Мемлекеттік органдармен ақпаратты алмасуды ұйымдастыру» тақырыбында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
02 қазан 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палата мен Францияның Жоғарғы нотариаттық кеңесі арасында серіктестік туралы келісімнің негізінде «Нотариус мамандығының деонтологиясы. Тәртіп. Жауапкершілік» тақырыбында қазақстан-француз семинары өтті.
09 қазан 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палата төрайымы Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.
10 қазан 2019 жыл – Шымкент қаласында Каспий университетінің академиялық профессоры, з.ғ.к. Сергей Климкиннің қатысуымен «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнаманы қолдану мәселелері» атты дөңгелек үстел-семинар Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен ұйымдастырылды.
16-17 қазан 2019 жыл – Париж қаласында француз және қазақстан нотариаттарының өкілдерінің қатысуымен Республикалық нотариаттық палата мен Францияның Жоғарғы нотариаттық кеңесінің ұйыдастырумен француз-қазақстан семинары өтті.
16-19 қазан 2019 жыл – ЕАЭО қатысушы елдері нотариаттарының ынтымақтастығы туралы келісімді іске асыру аясында Алматы мен Ақтөбе қалаларының нотариустары – Алтынай Макешева мен Ғайдарәлі Қорғанбеков Ереван қаласына Армения елінің құқықтық реттеуі мен нотариаттық қызметінің негіздерін зерттеу үшін және тәжірибемен алмасу үшін барып қайтты.
19 қазан 2019 жыл – Қазақстанның нотариаттық қауымдастығы атынан Нұр-Сұлтан қаласының нотариусы Олег Полумордвинов Санкт-Петербургтік мемлекеттік университеттің нотариат кафедрасы Санкт-Петербург қаласының нотариаттық палатасының қолдауымен ұйымдастырған «Дәлелдемелерді нотариалды қамтамасыз ету: өзекті тәжірибелік және теоретикалық мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
22 қазан 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетімен бірлесіп «Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Жолдауын орындау тұрғысынан тұлғаның қылмысты әрекеттен қорғау құқығын нығайту мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
23 қазан 2019 жыл – төрайым Әсел Жанәбілова Республикалық нотариаттық палатаның кеңсесінде жекеше сот орындаушылардың институтын реформалау бойынша Әділет министрлігінің жобасын жетектеуші М.С. Нарикбаева атындағы ҚАЗҒЗУ Университетінің Құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен бастаған Халықаралық сот орындаушылар ассоциациясының халықаралық сарапшылары Йос Уитдехаг пен Злата Михайлофпен жұмыс бабындағы кездесу өткізді.