01-03 шілде 2019 жыл – ЕАЭО қатысушы елдері нотариаттарының ынтымақтастығы туралы келісімді іске асыру аясында Республикалық нотариаттық палата Нұр-Сұлтан қаласында Армения, Беларусь және Ресейдің нотариустарын қабылдады.
02 шілде 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның кеңсесінде төрайым Әсел Жанәбілова «Тұран» университетінің Enactus тобының мүшесін қабылдады. Кездесу барысында «Тұран» университетінің студенті Даяна Серік мобилді қолданба арқылы сенімхаттар, келісімдер мен өтініштерді нотариалды куәландыруға мүмкіндік беретін Easy Doing ІТ жобасын ұсынды.
04 шілде 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палата Ақмола обласының Ақкөл қаласындағы балалар лагеріне барып қайтты. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына қол қойылғанына 22 жыл толуына орай, Республикалық нотариаттық палатаның қызметкерлері Best for kids волонтерлерімен балалар лагеріне сапар ұйымдастырды. Ақкөл мен Урюпинск балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, 9-11 сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Нұр-Сұлтан қаласының нотариусы Ажар Қорғамбекова оқушыларға кәмелет жасқа толмағандардың негізгі міндеттері мен құқықтары және нотариус мамандығы туралы айтып берді.
04 шілде 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның ІТ маманы Елдос Сабырбеков Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің төрағалығымен «Е-Халық» (Әлеуметтік көмек модулі) ақпараттық жүйесін «Жылжымалы мүлік тізімі» және «е-нотариат» ақпараттық жүйелерімен интеграциялау сұрақтарын қарастыру бойынша мәжіліс жұмысына қатысты.
09-12 шілде 2019 жыл – ЕАЭО қатысушы елдері нотариаттарының ынтымақтастығы туралы келісімді іске асыру аясында Қостанай мен Петропавл қалаларының нотариустары – Ляззат Атжанова мен Армангүл Ғабдулина Минск қаласына Беларусь елінің құқықтық реттеуі мен нотариаттық қызметінің негіздерін зерттеу үшін және тәжірибемен алмасу үшін барып қайтты.
10 шілде 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнар Рыспекова сот төрелігін жүзеге асырудың 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша республика судьяларының кеңейтілген кеңесіне қатысты.
12 шілде 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнар Рыспекова «Нотариаттың қазіргі жағдайы мен даму болашағы» тақырыбында өткен Ақмола облысы нотариаттық палатасы ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
12 шілде 2019 жыл– Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың қатысуымен атаулы әлеуметтік көмекті белгілеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтерін өзекті ету үшін және өзара біріктіру үшін өткен кеңес отырысына қатысты.
17 шілде 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Нұр-Сұлтан қаласының нотариаттық палатасының атаулы аудиториясының салтанатты ашылуына қатысты.
02 тамыз 2019 жыл – Алматы қаласында Мәскеу қаласының нотариусы Николай Миллердің қатысуымен «Дәлелдемелерді қамтамасыз ету» атты семинар Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен ұйымдастырылды.
07-10 тамыз 2019 жыл - – ЕАЭО қатысушы елдері нотариаттарының ынтымақтастығы туралы келісімді іске асыру аясында Алматы мен Тараз қалаларының нотариустары – Қарагөз Қалабаева мен Латипа Сырғабаева Мәскеу қаласына Ресей Федерациясының құқықтық реттеуі мен нотариаттық қызметінің негіздерін зерттеу үшін және тәжірибемен алмасу үшін барып қайтты.
09 тамыз 2019 жыл – Нұр-Сұлтан қаласында Каспий университетінің академиялық профессоры, з.ғ.к. Сергей Климкиннің қатысуымен «Жауапкершілігі шектеулі жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнаманы қолдану мәселелері» атты дөңгелек үстел-семинар Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен ұйымдастырылды.
23 тамыз 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнар Рыспекова Нұр-Сұлтан қаласының нотариустары, медиаторлары мен судьяларының қатысуымен Жоғарғы соттың бастамасымен Татуласу орталықтарын ұйымдастыру жобасы талқыланған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.