04 наурыз 2019 жыл – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша отырыс өтті. Оның жұмысына Республикалық нотариаттық палата атынан атқарушы директор Гүлнар Рыспекова қатысты.
05 наурыз 2019 жыл - Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік бастамасының сапалы орындалуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың атқарып жүрген шаралары туралы» атты тақырыпта отырыс өтті. Оның жұмысына Республикалық нотариаттық палатаның атынан Нұр-Сұлтан қаласының нотариусы Олег Полумордвинов қатысты.
12-14 наурыз 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен қашықтық нысан бойынша оқыту әдісін пайдалана отырып, «Нотариустардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелері» атты вебинар курстары Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақтөбе облысы нотариустарына ұйымдастырылды.
19 наурыз 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палата мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот төрелігі академиясы арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
26 наурыз 2019 жыл – Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әділет органдары қызметі мәселелері туралы Қоғамдық кеңестің отырысына қатысты.
27-29 наурыз 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен қашықтық нысан бойынша оқыту әдісін пайдалана отырып, «Нотариустардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелері» атты вебинар курстары Ақмола, Атырау және Алматы облыстарының нотариустарына ұйымдастырылды.
29 наурыз 2019 жыл – РНП төрайымы Әсел Жанәбілова Беларусь Республикасы нотариатының 5-жылдық реформасына арналған халықаралық конференция жұмысына қатысты.
02-05 сәуір 2019 жыл – республика нотариустарына «Нотариаттық қызметтегі теория мен тәжірибенің ара қатынасының өзекті мәселелері» атты біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
03 сәуір 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы мен атқарушы директоры Әсел Жанәбілова мен Гүлнар Рыспекованың қатысуымен Павлодар облысы нотариустарына арналған көшпелі оқыту семинары өтті.
08 сәуір 2019 жыл – Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарау бойынша Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің жұмыс тобының отырысына қатысты.
12 сәуір 2019 жыл – астанада Мәскеу қаласының нотариустары Николай Миллер мен Леонид Стрюковтың қатысуымен дәлелдемелерді қамтамасыз ету мәселелеріне арналған семинар өтті.
17 сәуір 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палата мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Өзара іс-қимылдың басты бағыттары нотариустардың біліктілігін арттыру саласында іс-шаралар өткізу, сондай-ақ нотариаттық істің өзекті мәселелері бойынша бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру болып табылады.
Алдағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айта келе, тараптар Академияның Ғылыми-білім беру әлеуетін пайдалану нотариаттық практиканы жетілдіру мақсатында тиімді ынтымақтастықты орнатудың маңызды негізі болатынын атап өтті.
18 сәуір 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы мен атқарушы директоры Әсел Жанәбілова мен Гүлнар Рыспекова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ғылыми-консультативтік кеңесінің отырысына қатысты. Отырыстың қатысушылары «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Сот тәжiрибесiнде ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобаларын қарастырды.
19 сәуір 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы мен заңгері Әсел Жанәбілова мен Людмила Кутенко қатысуымен Алматы облысы нотариустарына арналған көшпелі оқыту семинары өтті.
23 сәуір 2019 жыл – РНП төрайымы Әсел Жанәбілова«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІХ Съезі жұмысына қатысты.
24 cәуір 2019 жыл – Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық нотариаттық палата төрайымы Әсел Жанәбілова Беларусь нотариаттық палата Басқармасының мүшесі, Гомель қаласының Орталық ауданының нотариаттық конторасының меңгерушісі, нотариус Светлана Беловамен кездесті. Кездесу барысында тараптар атқарушылық жазбаны жасаудың мәселелерін талқылады, оның ішінде Беларусь Республикасының заңнамасы бойынша атқарушылық жазбаны жасаудың шарттары мен тәртіптері талданды. Бұл белорус нотариустары жиі жасайтын нотариаттық іс-әрекет болып табылады екен.
24-26 сәуір 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен қашықтық нысан бойынша оқыту әдісін пайдалана отырып, «Нотариустардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелері» атты вебинар курстары Жамбыл, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысы нотариустарына ұйымдастырылды.
26 сәуір 2019 жыл – Әсел Жанәбілова «Tashkent Law Spring» атты І Халықаралық заң форумына қатысты және «Электронды нотариат: даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.
29 сәуір 2019 жыл – ӘселЖанәбілова Қазақстан халқы Ассамблеясының «Татулық пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру» күн тәртібімен өткен ХХVІІ сессиясының жұмысына қатысты.