Бүгін, 24-ші сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық нотариаттық палата төрайымы Әсел Жанәбілова Беларусь нотариаттық палата Басқармасының мүшесі, Гомель қаласының Орталық ауданының нотариаттық конторасының меңгерушісі, нотариус Светлана Беловамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар атқарушылық жазбаны жасаудың мәселелерін талқылады, оның ішінде Беларусь Республикасының заңнамасы бойынша атқарушылық жазбаны жасаудың шарттары мен тәртіптері талданды. Бұл белорус нотариустары жиі жасайтын нотариаттық іс-әрекет болып табылады.