2019 жылдың 05-ші сәуірінде KAZGUU Universiteti ғимаратында нотариустардың біліктілігін арттыру курстары аясында Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова, Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотының судьясы Жанира Пернекулова және «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, жоғары біліктілік санатындағы психиатр дәрігер Галия Мукашеваның қатысуымен семинар өтті.
Семинар барысында Әсел Жанәбілова 2018-2019 жылдары нотариат туралы заңнамадағы соңғы өзгерістері туралы және жақын арада нотариат саласына енетін жаңалықтар туралы айтты.
Төрайымның айтуы бойынша, Республикалық нотариаттық палатамен нотариустардың құзыретін арттыру бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр.
Сөз сөйлеу барысында Әсел Жанәбілова 2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап БжЗқ атына қайтыс болған салымшылар бойынша жазбаша сауалдар, кейбір жағдайларды қоспағанда, ендігі жолданбайды деп хабарлады. БжЗқ атына сауалдар БНАЖ арқылы «Мұралық істердің есеп кітабы» модулі арқылы жіберіледі. Өз кезегінде БжЗқ нотариустардан мұрагерлерге берілетін мұрагерлікке құқық туралы куәлікте қайтыс болған салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатының қалдық сомасын көрсетпеулерін сұрайды.
Республикалық нотариаттық палата келесі тұжырымдаманы ұстануды ұсынады: «Аталмыш куәлік берілген мұралық мүлік «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарынан тұрады».
Жылдың басында Үкіметте Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы автокөлік, тұрғын үйлермен қатысты барлық мәмілелер қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жасалуы қажет деп хабарлады.
«Өткенде, а.ж. 22-ші қаңтарында Республикалық нотариаттық палата бейне-конференция байланысы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ұйымдастырған ақшалай айналымды қысқартып, ақшасыз төлемдерді дамыту бойынша кеңес жұмысына қатысты. Ұлттық банк Е-нотариат жүйесін екінші деңгейдегі банктердің базаларымен біріктіруді ұсынды.
Осы арада, Ұлттық банк заңнамалық актілерге өзгертулер дестесін әзірлеуде. Үкіметтің тапсырысына дейін, бұл сұрақты баламалы шешуге болатын. Яғни, азаматтар ақшалай немесе ақшасыз төлеуге құқылы болды, сонымен қатар қандайда бір заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылмаған. Қазіргі уақытта тұжырымдама өзгерді. Көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша мәмілелерді қолма-қол ақшасыз нысанға ауыстыру мәселесі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында іс-шаралар жоспарына қосылды.
Осыған байланысты Республикалық нотариаттық палата әрбір нотариус нотариус депозитін ашып қойсын деп ұсынады. Себебі, бүгінгі күні Азаматтық кодекс пен «Нотариат туралы» ҚР Заңына енген өзгерістер нотариус депозитін қолданудың негіздерін кеңейткен», - деп, ескертті Әсел Жанәбілова.
Республикалық нотариаттық палата төрайымы Әсел Жанәбілова Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотының судьясы Жанира Пернекуловаға сөз берердің алдында Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асановпен кездесу барысында атқарушылық жазбаларды жасау бойынша жалпы проблемаларды анықтау үшін және бірыңғай тәжірибе қалыптастыру үшін соттар нотариат институтын жетектейді деп келісті: « Мен шамамен бірдей сұрақтарға қатысты соттыр әртүрлі шешімдер шығарған Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын мысалға келтірдім. Біздер соттар нотариат институтын ең аз дегенде жарты жыл, көп дегенде бір жыл жетектесін деп көндірдік.
Өз кезегінде судья Жанира Перникулова тыңдармандардың сұрақтарына жауап берді және соттар нотариустардың іс-әрекеттерін емес, нотариуспен жасалған нотариаттық іс-әрекеттерді қарастырады деп ескертті.
Сондай-ақ, семинар барысында «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, жоғары біліктілік санатындағы психиатр дәрігер Галия Мукашеваның «Психиатриядағы клиникалық сұхбат алу. Психикалық жағдайын бағалау. Іс-әрекетке қабілеттілік мәселелері» атты дәрістермен сөз сөйледі.