Минск қаласында Беларусь нотариаттық палатасымен ұйымдастырылған «Нотариат XXI: ғаламдық үрдіс және ұлттық шешім» атты Халықаралық конференция өтті.
Конференция жұмысына 17 елдің нотариаттық қоғамдастықтарының өкілдері қатысты. Олардың ішінде Австрия, Әзірбайжан, Болгария, Венгрия, Германия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Литва, Молдова, Сербия, Түркия, Украина, Франция және Эстония.
Қазақстан Республикасы нотариаттық қоғамдастықтың атынан конференция жұмысына Республикалық нотариаттық палата төрайымы Әсел Жанәбілова қатысты. РНП төрайымы Қазақстан заңнамасындағы нотариатқа қатысты жаңалықтармен бөлісті, нотариустардың құзыреттілігінің кеңейуі туралы айтты, сондай-ақ, ұлттық заңнамадағы атқарушылық жазба жасау арқылы төлемдерді даусыз өндіріп алуға қатысты өзгерістер туралы баяндама жасады.
Шара барысында Беларусь нотариатының бес жылдық жұмысының қортындылары жасалды, қарастырылған мәселелердің үлкен бөлігі ақпараттық технологиялардың даму перспективаларына және оларды нотариаттық тәжірибеде қолдану сұрақтарына арналды.
Қысқа мерзім аралығында Беларусь нотариаты реформа процессінен табысты өтті, қазіргі ұйымдық-құқықтық нысанды және нотариат құрылымын құра алды, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қамтамасыз етуде өздерінің тиімділігі мен ауқаттылығын дәлелді. Сонымен қатар, инновациялық, электронды нотариатты қалыптастыру жолын тапты.
Беларусь нотариаттық палатаның ресми сайтында өткен конференцияның қортындылары туралы толығырақ танысуға болады.
РНП төрайымы Әсел Жанәбілова Беларусь Республикасы нотариатының 5-жылдық реформасына арналған халықаралық конференция жұмысына қатысты
- Подробности
- Просмотров: 3351