2019 жылдың 8 ақпанында Республикалық нотариаттық палата Басқармасының отырысы өтті. Төрайым Әсел Жанәбілова Республикалық нотариаттық палата Басқармасының 2018 жылы атқарған қызметін қорытындылады, сондай-ақ ағымдағы жылдың негізгі міндеттерін белгіледі.
Есептік жылы Республикалық нотариаттық палата өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша құрылған жұмыс тобы құрамында нотариат туралы заңнаманы дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Сонымен, нотариатқа бұйрық өндірісінің қосымша 3 түрі тапсырылды, нотариустың депозитін қолдану негіздерін кеңейтетін өзгерістер енгізілді, құпия өсиеттерді ашу тәртібі реттелді, жаңадан келісімдерді куәландыру нотариаттық іс-әрекет қосылды, құрсақтағы әлі туылмаған мұрагерлердің құқықтары қорғалды, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қайтыс болу туралы куәлікті алуға құқылы тұлғалардың шеңбері ұлғайды, нотариустың тәртіптік жауаптылығы мәселесі реттелді, нотариустардың біліктіліктерін арттыру туралы міндеті заңды жүзде бекітілді, аумақтық нотариаттық палаталардың РНП міндетті мүшелігі енгізілді.
РНП Басқарма отырысының барысында өткен жылдың қазан айынан бастап жұмыс жүргізілген Нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілді. Аталмыш Ереженің жобасы нотариаттық қоғамдастықпен кең талқыланды. Ендігі нотариаттық қызметпен айналысатын нотариус жылына 6 балдан кем емес жинауы тиіс, себебі нотариустардың кәсіби біліктіліктерінің артылуы бағалау жүйесі арқылы бағаланатын болады.
Республикалық нотариаттық палата 2019 жылға арналған Жұмыс жоспары бойынша нотариус депозитіне ақшаны қабылдау, шетелдік элементтермен күрделіленген мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу туралы әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу қажет. Сонымен қатар, «Атқарушылық жазба жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар», «Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске меншiк құқығы бойынша куәлiк беру тәртібі туралы» ұсыныстарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тапсырылды.
Отырыста Республикалық нотариаттық палата ресми сайтының негізінде жасалған аумақтық нотариаттық палаталардың сайттары ұсынылды.
РНП Басқармасы отырысының қортындысы бойынша 2019 жылға арналған Республикалық нотариаттық палатаның жұмыс жоспары, 2019 жылға арналған Республикалық нотариаттық палатаның қаржы-шаруашылық қызметінің табыстары мен шығыстарын бағалау құжаттары бекітілді.