Бұл туралы 08 ақпанда Республикалық нотариаттық палата Басқарма мүшелерімен кездесу барысында ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызметтерді ұйымдастыру департаментінің директоры Бақтыгүл Атағазиева мәлімдеді.
2018 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен нотариаттық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Нотариат туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен 2018 жылғы 22 шілдеден бастап нотариус өзінің кәсіби біліктілігін арттыру міндетті деген норма енгізілді. Сонымен қатар, ондай норманы сақтамағаны үшін нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру жауапкерпшілігі қарастырылған.
Соңғы үш жылда Республикалық нотариаттық палата жанынан құрылған Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығында (бұдан әрі - Орталық) біліктіліктерін арттырған нотариустар саны 1 737 адамға дейін өсті. Орталықта жыл сайын орта есеппен 580 нотариус оқытылады.
Бақтыгүл Атағазиева нотариустардың кәсіби біліктіліктерін арттыру - нотариаттық палаталардың басты міндеті деп санайды.
Сонымен қатар, департамент директоры «Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палата әзірлеген «Нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ереже» жобасы аясында ұсынған нотариустарды бағалау жүйесін қолдайды. Себебі, бағалаудың критерийлері болуы керек. Бұдан басқа, бағалау жүйесі жыл сайын өтуі абзал», - деп ескертті.
Кездесу барысында Әділет министрлігі өкілі нотариустармен атқарушылық жазбаны жасау бойынша аймақтарда құқықтық нормаларды түсіндіру жұмыстарын атқару қажеттілігін атап өтті.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы аясында нотариатқа бұйрық өндірісінің қосымша 3 түрі тапсырылды.
Осыған орай аумақтық нотариаттық палаталар күнделікті тек нотариустармен ғана емес, сондай-ақ, банк, ПИК (пәтер иелерінің кооперативі), энергия, газ, су, жылу және басқа да қызметтерді атқаратын ұйымдармен құқықтық нормаларды түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет», - деп, Бақтыгүл Атағазиева түсіндірді.
Оның айтуынша жақын арада аумақтарда әділет департаменттерімен нотариустармен атқарушылық жазба жасау мәселелері бойынша жалпылау туралы тапсырма беріледі. Соның ішінде банктік қарыз шарты туралы.
Сонымен қатар, төрайымдарға нотариаттық палаталардың ресми сайттарында палаталардың қаржылық есептерін шығару ұсынылды.
Нотариустардың кәсіби біліктіліктерін арттыру - нотариаттық палаталардың басты міндеті
- Подробности
- Просмотров: 3864