21 қыркүйекте Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының нотариустары үшін нотариат туралы заңнамасының жаңалықтарына арналған Республикалық нотариаттық палатаның көшпелі семинары өтті.
Семинардың бірінші бөлімі нотариаттың өзекті мәселелеріне арналды. РНП төрайымы Әсел Жанәбілова семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Екінші бөлімде РНП атқарушы директоры Гүлнар Рыспекова соңғы өзгерістерге байланысты атқарушылық жазбаны жасау мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Семинар барысында қатысушылар нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қажетті тиімділікті арттыруға бағытталған міндеттерді талқылады.