Бүгін, 2022 жылғы 16 қыркүйекте, Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың өзара бағалауының екінші раунды шеңберінде сарапшы-бағалаушылармен сұхбат өтті.
Іс-шараға қатысу үшін адвокаттық және нотариаттық палаталардың өкілдері шақырылды.
Республикалық нотариаттық палата мен нотариустар Гаухар Капанова мен Санжар Кенжеғали нотариустардың КЖ/ТҚҚ туралы заңнама талаптарын орындауының құқықтық негіздері туралы айтып, қазақстандық нотариаттың заңсыз қаржы схемаларына қарсы күрестегі тиімділігін атап өтіп, БНАЖ жүйесін таныстырды.
Сұхбат барысында сарапшылар ҚМС-нің кәсіби қызметінде орын алған тәуекелдер туралы, оларды төмендету үшін қолданылатын шаралар жайлы сұрады, нотариустардың осы бағыттағы міндеттерін қаншалықты түсінетіні туралы және реттеушілермен және уәкілетті органдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы қызығушылық танытты.
Тәуелсіз мамандар нотариаттың «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заң нормаларының сақталуын бақылаудағы оң рөлін атап өтті.
Сұхбат қорытындысы бойынша нотариат Қазақстан Республикасының мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселесінде қаржы мониторингі субъектілерімен өзара іс-қимыл және өзара байланыста елді лайықты түрде таныстырды.
ЕАТ сарапшылары нотариат өкілдерімен сұхбат өткізді
- Подробности
- Просмотров: 1439