Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 қыркүйекте неғұрлым талап етілген анықтамалар мен қағаз растамаларды алып тастау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитеті республика нотариустарының қатысуымен кеңес ұйымдастырды
Кеңеске қатысушылар азаматтардан «Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру» анықтамасын талап етуді алып тастау мәселелерін талқылады.
Нотариустар жылжымайтын мүлікті қайта рәсімдеу және кепілді тіркеу кезінде, жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайы сәйкес келмеген жағдайда, осы мәліметтерді талап етеді.
Мәселен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, нотариустар мен екінші деңгейдегі банктердің анықтаманы талап етуін алып тастау бойынша бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Бірлескен жұмыстар шеңберінде «Мекен-жай тіркелімі» АЖ-ның БНАЖ-мен интеграциясы бар, оның шеңберінде нотариустар жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жай мәліметтерін дербес тексере алады. Бұдан басқа, «электрондық үкімет» порталында және «Egov mobile» мобильдік қосымшасында кез келген мүдделі тұлға үшін мекен-жай мәліметтерін тексеру сервисі іске асырылды.
Алайда, жиналыс барысында нотариустар «Мекенжай тіркелімі» АЖ-да қате мәліметтер бар екенін, бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты, «Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру» анықтамасын талап етуді алып тастау мерзімінен бұрын болып табылады.
Нотариустардың пікірінше, АЖ-да мәліметтерді өзектендіргенге дейін баламаны сақтау қажет.