Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының қабылданғанына 25 жыл толуына орай, 22 маусымда «Marriott Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Орталық сайлау комиссиясы, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ, Республикалық адвокаттар алқасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Заң консультанттарының республикалық алқасы, ғылыми қауымдастық өкілдерінің қатысуымен «Заманауи нотариаттың дамуы мен күн тәртібі» тақырыбында II Орталық Азия халықаралық нотариаттық конференция өтті.
Қонақтар арасында Әзірбайжан, Германия, Литва, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Франция, Хорватия, сондай-ақ ЕАЭО қатысушы елдері – Ресей, Беларусь, Армения және Қырғыз Республикасы нотариаттарының өкілдері болды.
Конференцияны Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова ашты. Өз сөзінде ол атап өтілетін күннің нотариустар үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық қоғам үшін тарихи маңызы бар екенін, ал нотариаттың рөлі тұрақты құқықтық қатынастарды қамтамасыз етудегі ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қатысушылардың алдына құттықтау сөзбен шықты. Вице-министр өз сөзінде мемлекеттің құқықтық жүйесі ретінде азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кепілі болып табылатын нотариат инс титу тының маңыздылығы мен қажеттілігін, сондай-ақ оның қазіргі заманғы даму деңгейін атап өтті. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ұлбосын Сүлейменова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының атынан Қазақстанның нотариаттық қоғамдастығын маңызы аса зор оқиғамен, яғни «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 25 жыл толуымен құттықтап, ширек ғасыр бұрын қабылданған нормативтік-құқықтық акт жоғары нотариустың жұмысына кәсіби стандарттар мен біліктілік талаптарын белгілей отырып, Қазақстанның жеке нотариатының негізін қалағанын атап өтті. Жалпы, конференцияға қатысушылар нотариаттық саладағы заманауи үрдістерді талқылады, табысты тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ баяндамашылар конференция тақырыбы бойынша сөз сөйлей отыра, Қазақстан нотариатымен қалыптасқан кәсіби және достық екіжақты қарымқатынастарды ерекше атап өтті.
Литва Республикасының нотариаттық палатасының президенті Марюс Страчкайтис, Ресей Федерациясының нотариаттық палатасының президенті Константин Корсик, Хорватия Республикасының нотариаттық палатасының президенті Звездана Рауш-Клиер, Беларусь Республикасының нотариаттық палатасының президенті Наталья Борисенко, Әзірбайжан Республикасының нотариаттық палатасының президенті Гусейн Мамедов, Өзбекстан Республикасының нотариаттық палатасының президенті Дилшод Ашуров, сондай-ақ Тәжікстан Республикасының Бас мемлекеттік нотариусы Шарифзода Шарофиддин, Германия Федералдық нотариаттық палатасының Халықаралық істер жөніндегі заң кеңесшісі Вероника Корманн, Париж қаласының нотариусы, Франция нотариатының Жоғарғы кеңесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азиямен байланыс жөніндегі өкілі Валериу Есану, «Араратский марз» нотариаттық аумағының нотариусы, Армения Республикасы нотариаттық палатасының мүшесі Диана Абраамян, Бішкек қаласының нотариусы, Қырғыз Республикасы Нотариаттық палатасының Кеңесінің мүшесі Назира Досалиева баяндама жасады.
Конференция соңында Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасы мен Әзірбайжан Республикасының Нотариаттық палатасы, сондай-ақ Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасы мен Қырғыз Республикасының Нотариаттық палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Жұмыс күннің екінші жартысында Қазақстан нотариатының 25 жылдығына арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шараның салтанатты бөлігін Республика нотариустарына наградаларды тапсыру рәсімімен Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленшиев ашты. Нотариустарды кәсіби мерекемен Қазақстан Республикасының Парламенті, Жоғарғы Соты, Бас прокуратурасы, Орталық сайлау комиссиясы, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ, Республикалық адвокаттар алқасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның заң кеңесшілерінің республикалық алқасы, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті, Астана халықаралық университетінің өкілдері құттықтады. Нотариаттық қоғамдастыққа жолдаған өздерінің құттықтау хаттарында олар нотариат алдағы уақытта да өз міндеттерін кәсіби түрде орындап, құқықтық мемлекеттің одан әрі қалыптасуына ықпал ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар, қазақстандық әріптестерді Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Германия, Қырғыз Республикасы, Литва, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Франция және Хорватия нотариаттық палаталары құттықтады.