Республикалық нотариаттық палата Франция нотариатының Жоғары кеңесі арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Нұр-Сұлтанда «Сандық нотариат: нотариустардың қашықтан жұмысы, байланыссыз мәмілелер, деректерді цифрландыру» тақырыбында IV қазақстанфранцуз дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
Франция делегациясын Франция нотариатының Жоғары кеңесінің екінші вице-президенті Пьер-Жан Мейсен басқарды, ол сондай-ақ Бордодағы нотариус болып табылады. Делегация құрамына Корнебарье нотариусы, Франция нотариатының Жоғары кеңесі бюросының баспасөз хатшысы Борис Вьен, Париж нотариусы, Франция нотариатының Жоғары кеңесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азиямен байланыс жөніндегі өкілі Валериу Есану, Франция нотариатының Жоғары кеңесі Халықаралық бөлімінің жобалар жетекшісі, Шығыс Еуропа және Орталық Азиямен байланыс бойынша жауапты Лариса Альбертини кірді.
Биыл Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей және Тәжікстан нотариаттарының өкілдерін тарту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге шақырылғандардың қатарында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленшиев болды.
Өзінің алғы сөзінде Пьер-Жан Мейсен Франция мен Қазақстан нотариаттарының жемісті дамып келе жатқан екіжақты қарымқатынастарын, сондай-ақ осы жылдың қазан айында өтетін Франция нотариустарының Конгресі туралы атап өтті. Өз кезегінде Әсел Жанәбілова 2022 жылдың 19 қыркүйегінде Франция мен Қазақстан нотариаттары арасында кәсіби екіжақты қарым-қатынастың орнағанына 5 жыл толатынын ескерді. Бірнеше сағат бойы дөңгелек үстелге қатысушылар нотариаттың кең цифрлық мүмкіндіктерін, мәмілелерді қашықтықтан куәландыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ өз елдеріндегі сандық нотариат туралы заңдардың жаңа ережелерімен таныстырды. Мәселен, Борис Вьен Франциядағы сандық нотариат және қашықтықтан жасалатын мәмілелер туралы айтты, өз кезегінде оның әріптесі Валериу Есану «Активтерді ұсыну. Сандық жеке деректер және ажырамас құқықтар: қайтыс болған жағдайда цифрлық иелік ету және тапсыру». Нұр-Сұлтан қаласының нотариусы, Республикалық нотариаттық палатаның Тәртіптік комиссиясының төрағасы Олег Полумордвинов Қазақстандағы нотариатты цифрландыру саласындағы заңнамада орын алған соңғы жаңалықтар туралы айтты. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин қатысушыларға БНАЖ жүйесі, жүйенің қалай құрылғаны, қазіргі жетістіктері мен болашаққа жоспарлары туралы сөз қозғады.
Кофеге жасалған шағын үзілістен кейін, дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде Ресей Федералдық нотариаттық палатасының президенті Константин Корсик «Цифрлық оңайлату дәуірінде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі нотариустың рөлі» тақырыбында, Беларусь Республикасы Гомель нотариаттық округінің нотариусы Лидия Грекова «Беларусь Республикасындағы нотариаттық қызметті цифрландыру» тақырыбында, сондай-ақ Әзірбайжан нотариаттық палатасының электрондық нотариатты дамыту жөніндегі жұмыс тобының үйлестірушісі, Әзірбайжан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу және нотариат бас басқармасының консультанты Заур Гасанов Әзірбайжанның мобильді нотариаты жайлы баяндама жасады. Дөңгелек үс т елдің қорытынды бөлімінде модераторлар цифрландырылған нотариаттық құжаттардың сақталу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Пьер-Жан Мейсен Францияда күніне орта есеппен негізгі сақтау орталығына 20 мың құжат келіп түсетінін атап өтті. Ол сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын а з амат т а р а р а сын д а ғы « ц ифрлық теңсіздікке» аударды. Оның пікірінше, барлық азаматтар жаңа технологияларды қолдануға бірдей мүмкіндіктерге ие емес. Нотариус сонымен қатар электр энергиясын шамадан тыс тұтыну проблемасын атап өтті.