02 наурыз 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова палатаның кеңсесінде «ЮрКапитал» ЖШС өкілдерімен нотариустармен атқарушылық жазбаларды жасаудың мәселелерін талқылады.
02 және 04 наурыз 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.
04 наурыз 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Дүниежүзілік банктің Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде «Әділет органдарының құқықтық насихаттауды жүзеге асыру бойынша қызметін жетілдіру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
04 наурыз 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына арналған отырыстың жұмысына қатысты.
05 наурыз 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен «Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
10 наурыз 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) нотариаттық қызметтерді дамыту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты. Отырыс барысында АХҚО-дағы нотариаттық іс-әрекеттің практикалық аспектілері мәселелері, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді реттеу бойынша халықаралық тәжірибенің салыстырмалы талдауы талқыланды.
28 наурыз 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның Басқарма мүшелерінің қашықтан кезектен тыс отырысы карантин мен төтенше жағдай барысында нотариустардың қызметін ұйымдастырудың мәселелерін талқылауға арналды.
09 және 10 сәуір 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палата жанында құрылған Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Мәмілелерді нотариаттық куәландырудың мәселелері» және «Суррогат ана шарты» тақырыптарында вебинарлар өтті. Дәрістерді Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының нотариустары Олег Полумордвинов пен Алтынай Макешева оқыды.
11 сәуір 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова 9 ½ Петербургтік Халықаралық Заң Форумының жұмысына онлайн тәртіптемесі бойынша қатысты. Оның барысында нотариаттық қызметтің шектеушілік шара барысындағы мәселелері талқыланды.
15-17 сәуір 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен 36 академиялық сағат көлемінде республика нотариустарына «Нотариаттық қызметтегі теория мен тәжірибенің арақатынасының өзекті мәселелері» атты біліктілікті арттыру курстары қашықтан ұйымдастырылды.
16 сәуір 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысының жұмысына бейнеконференц-байланыс арқылы қатысты.
21 сәуір 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын қарау бойынша Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің жұмыс тобының отырысына бейнеконференц-байланыс арқылы қатысты.
22 және 23 сәуір 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палата жанында құрылған Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Мұрагерлік құқықты рәсімдеу» және «Мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелері» тақырыптарында вебинарлар өтті. Дәрістерді Алматы қаласының нотариустары Тансық Естеуова мен Парида Қанағатова оқыды.
24 сәуір 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палата жанында құрылған Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Заң бойынша мұрагерліктің түрлері: өкілеттілік құқығы; мұрагерлік трансмиссия; мұралық құқықтық мирасқорлық (қабылдағаннан кейінгі, бірақ рәсімдеп үлгермеген)» тақырыбында вебинар өтті. Тыңдармандардың алдында Өскемен қаласының нотариусы Ирина Перевалова сөз сөйледі.