08 қаңтар 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палата кеңсесінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Светлана Бычкова мен Қанат Мусин нотариустармен кездесті.
16 қаңтар 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гульнара Рысбекова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ипотекалық баспаналық зайым бойынша жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде атқарылған нотариаттық іс-әрекеттер үшін нотариустарға төленген мемлекеттік баж салығы сомаларын қайтару туралы нотариустарға қойылған талап арыздар бойынша азаматтық істерді қарау сот тәжірибесі мәселелері туралы өткен жиналысының жұмысына қатысты.
17 қаңтар 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның Басқарма мүшелерінің есептік отырысы өтті.
17 қаңтар 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының жұмысына қатысты. Алқа отырысы барысында ведомство өкілдері 2019 жылғы жұмысты қорытындылап, 2020 жылдың басым міндеттерін айқындады.
24 қаңтар 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 503-отырысының жұмысына қатысты.
24 қаңтар 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) нотариаттық қызметтерді дамыту жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысына қатысты. АХҚО-да нотариаттық қызметтерді дамыту жөніндегі жұмыс тобы АХҚО қатысушылары мен АХҚО юрисдикциясындағы басқа өтініш берушілерге қызмет көрсету үшін АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасын білетін ағылшынтілді нотариустар пулын даярлау үшін құрылды. Отырыс барысында АХҚО-дағы нотариаттық іс-әрекеттің практикалық аспектілері мәселелері, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді реттеу бойынша халықаралық тәжірибенің салыстырмалы талдауы талқыланды.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.
31 қаңтар 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Андрей Лукиннің төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу мәселесі бойынша жұмыс кездесуіне қатысты.
04 ақпан 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның кеңсесінде нотариаттық қауымдастықтың өкілдері Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнің өкілімен кәмелетке толмаған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін және кәмелет жасқа толмаған тұлғалардың қатысуымен жылжымайтын мүлікпен қатысты келісімдерді нотариаттық рәсімдеу бойынша ұсынымдардың жобасын талқылады.
17 ақпан 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын түсіндіру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу мәселесі бойынша жұмыс кездесуіне қатысты.
17-21 ақпан 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен қашықтық нысан бойынша оқыту әдісін пайдалана отырып, «Нотариустардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелері» атты вебинар курстары республика нотариустарына ұйымдастырылды.
25 ақпан 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Қоғамдық кеңестер: қоғамдық институтты заңнамалық дамытудың тәжірибесі мен кейінгі қадамдары» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа Комитетінің және «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің бірлескен отырысының жұмысына қатысты.
25 ақпан 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қарау бойынша Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің жұмыс тобының отырысына қатысты.
26 ақпан 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 511-отырысының жұмысына қатысты.
26 ақпан 2020 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (1-оқылым) Қазақстан Республикасының Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты.