07 қараша 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Оның барысында тараптар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесін «Біріңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі» базасымен интеграциялауды іске асыру бойынша мәселелерді талқылады.
08 қараша 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова«Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.
13 қараша 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Nur Otan» партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында Қазақстан Республикасындағы педагог мәртебесін заңнамалық қамтамасыз ету новеллаларын, сондай-ақ сараптамалық қауымдастықтың сұрақтары мен ұсыныстарын талқылау бойынша«Nur Otan» партиясының жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысының жұмысына қатысты.
14 қараша 2019 жыл –төрайымы Әсел ЖанәбіловаРеспубликалық нотариаттық палатаның кеңсесінде әділеттілік және әділет секторыларын институционалды нығайту бойынша Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшыларын қабылдады.
19 қараша 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының 4 «Сыбайлбас жемқорлыққа қарсы мемлекет» реформасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 37-тармағын орындау мақсатында меншік құқығын қорғау, оның ішінде рейдерлікке қарсы іс-қимыл тетіктерін күшейтуге бағытталған заңнамалық шараларды әзірлеу бойынша кеңес жұмысына қатысты.
29 қараша 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палата мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
29 қараша 2019 жыл – Әсел Жанәбілова Әділет министрлігі ұйымдастырған нотариаттық және адвокаттық қызметтегі реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылауға қатысты.
05 желтоқсан 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Түркістан қаласында халыққа білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысының жұмысына қатысты және «Қазақстан Республикасы нотариустарымен көрсетілетін білікті заң көмегінің сапасы».
09 желтоқсан 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова
10 декабря 2019 года Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.
12 желтоқсан 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Nur Otan» партиясының жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысының жұмысына қатысты.
12 желтоқсан 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел ЖанәбіловаӘділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 500-ші мерейтойлық отырысының жұмысына қатысты.
13 желтоқсан 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова судьялар, нотариустар мен коммуналдық қызметтердің өкілдерімен өткен атқарушылық жазбаны жасау тәжірибесіне арналған Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
23 желтоқсан 2019 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамын іске асыру аясында жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту» тақырыбында өткен үкіметтік сағаттың жұмысына қатысты.